В.Зеленский саясаткер В.Медведчукты әскери тұтқындарға айырбастауды ұсынды

Владимир Зеленский Мәскеуге Украина қауіпсіздік қызметі ұстаған саясаткер Виктор Медведчукты әскери тұтқындарға айырбастауды ұсынды.

Оның айтуынша, Жоғарғы Рада депутаты тығылып Ресейге өтпек болған. Еске сала кетейік, Виктор Медведчук Украинадағы "Өмір үшін оппозициялық платформа" партиясын басқарған. Оған былтыр мамыр айында мемлекетке опасыздық жасады және лаңкестік ұйымға қолдау көрсетті деген айып тағылған. 

Нақтырақ айтқанда, ол өзін өзі жариялаған Донецк және Луганск халықтық республикалардан көмір тасымалдау ісіне көмектесті деген күдік бар. Осы іске байланысты саясаткер үйқамаққа алынған еді. Бірақ Ресей Украинаға шабуыл жасаудан бірер күн бұрын Медведчук қашып кеткен.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Медведчуктың ғарышкерлер күні қолға түскенінің бір мәні бар. Ол 48 күн тығылып, біздің елімізден қашып кетуге тырысты. Бірақ бұл ғарышкер үшін әйгілі «Ал кеттік» сөзі болмай қалды. Оның әскери киімді киіп, жасырынып қашпақ болғаны барып тұрған арсыздық. Қандай жауынгер. Қандай патриот. Әскери киімді таңдаған екен ендеше әскери уақыттағы тәртіпті қолданып Ресей Федерациясына бұл жігітті қазір тұтқында отырған біздің ұлдарымыз мен қыздарымызға айырбастауды ұсынамын.