Филиппинде «Меги» дауылы 58 адамның өмірін жалмады

Филиппинде «Меги» дауылы 58 адамның өмірін жалмады
Mir24.tv

Филиппинде «Меги» дауылынан қаза тапқандар саны 58-ге жетті.

Бұл туралы Agence France-Presse-ке сілтеме жасай отырып «Хабар 24» хабарлайды.  

Билік мәліметінше, Лейте провинциясында 47 адам көз жұмған, тағы 27-сі із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Бұдан бөлек тағы 100 шақты тұрғын жарақат алған.

Бұған дейін елде 43 адам қайтыс болып, 580,8 мың адамның зардап шеккені айтылған.

Тиісті орган өкілдері циклонның тоғыз өңірге тарағанын мәлімдеді. Салдарынан 42,3 мың адам 348 эвакуациялық орталыққа жетізілді.