Бельгияда омикронның жаңа штамын жұқтыру дерегі тіркелді

Бельгияда "омикрон" штамының Би-Эй-төрт ((BA.4)) деп аталған жаңа түрін жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді.

Вирусологтардың мәліметінше, ол Валлония өңірінде анықталып, Брюссель университетінде зерттелді.

Еске сала кетейік, омикронның Би-Эй-төрт және Би-Эй-бес түрлері Германия, Дания, Ұлыбритания және Оңтүстік Африкада тіркелген болатын. Ол бұл елдерде індеттің өршуіне және өлім-жітімнің көбеюіне әкелген жоқ. Жалпы Бельгия денсаулық министрлігінің мәлімдеуінше, соңғы аптада елде күн сайын шамамен 9 мыңдай науқас анықталып жатыр.