Әлемде COVID-19 індетін 500 млн адам жұқтырды

Әлемде пандемия басталғалы коронавирус індетін жұқтырғандардың саны 500 млн-ға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 6 млн-нан астамы осы індеттің құрбаны болды. Бұл Джонс Хопкинс университетінің берген мәліметі. Науқастардың ең көбі құрама штаттарында тіркелген. Онда эпидемия басталғалы 80 млн адам коронавируспен ауырып шыққан. Екінші орында Үндістан болса, одан кейін Бразилия тұр. Бұл елдер де ковид дертінен айтарлықтай зардап шекті. Бұдан бөлек, Еуропаның бірнеше елінде және Ресейдегі эпидахуал да көңіл көншітпей тұр.