Оңтүстік Кореяда халықты интернетпен қамтитын қанша компания бар

Әлде мұнда да нарықты да Қазақстандағыдай бір ғана мекеме билеп-төстеп алған ба? – деген сауалға сол елдегі меншікті тілшіміз жауап іздеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандағыдай Кореяда бір ұлттық оператор бар – ол Корея Телеком. Ол жергілікті интернет қолданушылардың 41 процентіне қызмет көрсетеді. Ал Корея тұрғындарының 30 процентке жуығы басқа жеке компанияның интернетін пайдаланады және осы елде үшінші ірі оператор бар. Ол қолданушылардың 20 проценттен астамына вайфай, мобилді интернетпен қамтамасыз етеді. 3 компанияның арасында бәсекелестік бар. Мысалы, ұлттық оператордан жеке компаниясына ауысатын болсаңыз, сізге жаңа ұялы телефон тегін беріледі. Әр интернет компания өз қолданушыларына кейбір дүкендер, мейрамханалар, фитнес-клубтарда жеңілдік ұсынады. Атап өтейін Корея халқының 95 проценттен астамы немесе 46 миллион адам интернетті қолданады. Бұл қызмет қолжетімді деп ойлаймын. Өйткені жылдамдығы төмен интернетті пайдалану үшін айына 20 доллар төлеу керек. Ал жылдам және шектеусіз интернет 50 доллардай тұрады.

Авторы: Владислав Цой