Украинада 1026 сарбаз қаруын тапсырды

Мариупольде мыңнан аса украиналық сарбаз өзін-өзі жариялаған Донецк халық республикасына тұтқынға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігінің өкілдері хабарлады. Ресми Киев бұған қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Айта кеткен жөн, қазір Мариупольдегі жағдай күрделі. Мұнда азық-түлік, су және дәрі-дәрмек тапшы.  

Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

Мариупольде металлургиялық комбинат ауданында Ресей қарулы күштері мен Донецк халық респубикасының милиция бөлімшелерінің сәтті шабуылдық іс-әрекетінің нәтижесінде Украинаның теңіз жаяу әскерінің 1026 жауынгері қаруын тапсырып, өз еркімен берілді. Солардың ішінде жарақат алған 151 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.