Биыл әлемде 263 млн адам кедейшілік зардабын тартуы мүмкін

Бұл бүкіл Германия, Франция, Ұлыбритания мен Испания халқын қоса есептегенге пара-пар сан. Тағы 860 миллион адам күніне бір доллар 90 цент табысқа өмір сүруі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кедейішілік проблемаларын шешумен айналысатын халықаралық Оксфам бірлестігінің баяндамасыда осылай делінген. Сарапшылар, әсіресе, Африка елдері, Йемен мен Сириядағы ахуалға алаңдаулы. Айтуларынша, әлемде кедейшілік деңгейінің артуына коронавирус пандемиясы әсер еткен. Оның үстіне, Украинадағы шиеленіс салдарынан азық-түлік пен шикізат бағасының шарықтауы да өз кесірін тигізген.