Катарда спорт музейі ашылды

Катар астанасы Дохада бірегей музей ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда спорт әлеміне қатысты 17 мың жәдігер жиналған. Атап айтсақ, музейде кубок пен медальдар, атақты Михаэль Шумахердің көлігі, ямайкалық бобслейшілердің шаңғысы секілді бағалы заттар сақталған. Тіпті бағзы заманда майя тайпасы қолданған ойын сақиналары да осында орын тапқан. Ал бір зал түгелімен әр жылдары жасалған олимпиадалық алауларға арналған. Жалпы соңғы уақытта Катарда мәдени нысандар көп ашылып жатыр. Осылайша аталған мемлекет футболдан өтетін әлем чемпионатына барын салып, дайындалуда.

Сондай-ақ...