Австралия Ресейге қарсы жаңа санкцияларды жариялады

Австралия билігі Ресейге қарсы салған санкциялардың тізімін жаңартты. Жаңа шектеулерге 14 компания ілікті. Арасында «Газпром», «Транснефть», «Камаз» бар. Елдің Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл шаралар Ресей экономикасын құлдыратуға бағытталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге салайық, бұған дейін Австралия билігі Ресейдің ірі компаниялары мен азаматтарына қатысты бірнеше мәрте санкция жариялаған болатын. Қазір бұл елге Владимир Путин, Сергей Лавров пен Михаил Мишустиннің кіруіне рұқсат жоқ.