Украинадағы әскери қимылдардан 1,7 млрд адамның тұрмысы нашарлады

Украинадағы әскери іс-қимылдар 1 миллиард 700 миллион адамның тұрмысының нашарлауына әкеп соқтырды.

Олардың үштен бірі бұған дейін онсыз да қиын жағдайда өмір сүріп келген. Бұл туралы БҰҰ-ның өкілдері хабарлайды.

Сарапшылар Украинадағы шиеленіс кедей елдерде азық-түлік тапшылығын ушықтырып жіберуі мүмкін дейді.

Айтуларынша, қазірдің өзінде 36 мемлекет Ресей мен Украинадан импортталатын бидайдың жартысын ғана алып жатқан көрінеді.