Кремль Украинадағы биозертханалар туралы ақпарат жариялады    

Қара теңізде оқ-дәрі жарылысынан кейін отқа оранып, бүлінген ресейлік «Москва» крейсері ақыры суға батып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ақпаратты Ресейдің Қорғаныс министрлігі таратты. Украина тарапы аталған әскери кемені зымыранмен атқанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ Ресейдің Қорғаныс министрлігі Радиациялық, химиялық және биолгиялық қорғаныс күштерінің қолбасшысы Игорь Кириллов арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, Украина аумағындағы АҚШ қаржыландыратын биологиялық зертханалар туралы мәлімет жариялады. Құрама Штаттар соңғы жылдары Украинаның Ғылым және технология орталығына Пентагон үшін биологиялық қару жасау мақсатында 350 миллионан астам доллар бөлген. Мұндай зертханалар МерЕфа, Харковь қалаларында және Херсон облысында орналасқан-мыс. Бұдан басқа, Украинаның бірнеше әскери нысаны талқалдалғаны хабарланды.

Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі:

– Бір күннің ішінде біздің жедел-тактикалық авиациямыз Украинаның 7 әскери нысанын талқандады. Олардың арасында Приволье маңында 1 зымыран және зеңбірек қару-жарағы бар, сондай-ақ Великая Новоселка, Теминовка, Ивановка, Краматорск және Богородичное жанында адамдар мен бронды техника шоғырланған 6 аумаққа шабуыл жасалды. Украинаның 54і жеке механика және 128-ші тауда шабуылдау бригадаларының көзі жойылды.