Шығыс Африкадағы босқындар саны 3 есе артты

Кейінгі он жылда Шығыс Африкадағы босқындар саны 1 миллион 800 мыңнан 5 миллионға дейін артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ хабарлайды. Бұған климаттың өзгеруі, қарулы қақтығыстар мен коронавирус себеп. Жаһандық жылынудың салдары әсіресе Эфиопия, Кения, Сомали мен Оңтүстік Суданда қатты сезіледі. Мұнда су тасқыны әрі қуаңшылықтан нан табу қиындап барады. Ал БҰҰ Шығыс Африкадағы босқындарды қырқүйекке дейін тамақпен қамтамасыз ету үшін 227 миллион доллар қажет екенін айтады.