Әуе шабуылына қарсы жаңа лазерлі қорғаныс жүйесі сыналды – Израиль

Әуе шабуылына қарсы жаңа лазерлі қорғаныс жүйесі сыналды – Израиль

Израиль әуе шабуылына қарсы жаңа лазерлі қорғаныс жүйесін сынақтан өткізді. Бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Маген Ор» деп аталған кешен сынақ барысында дрондар мен түрлі зымырандарды және миномет пен танкке қарсы оқтұмсықтарды дәл атып түсірген. Мамандардың айтуынша, қуаты 100 киловаттан асатын кешен 8-10 шақырымдай жердегі нысанды кез келген ауа райында қағып түсіреді. Билік жаңа қорғаныс кешенін алдағы онжылдықта енгізуді көздеп отыр. Ол Израильдің қазіргі «Темір күмбез» және «Жебе» сынды зымырандарға қарсы қорғаныс жүйелерін толықтырады.