Филиппинде дауыл 137 адамның өмірін қиды 

Филиппинде «Меги» атты тропикалық дауыл салдарынан 137 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апат бұл елді өткен жексенбіден бері әурелеп жатыр. Дауыл соңы тасқын мен лай көшкініне ұласып, қазірге дейін 9 аймақ зардап шекті. 300 мыңнан астам тұрғын уақытша паналау орталықтарына орналастырылды. 15 қала мен аудандық әкімшілік аумағында төтенше жағдай жарияланды. Алдын ала ақпарат бойынша «Меги» 10 мыңға жуық үйді қиратқан. Естеріңізге сала кетейік, бұл соңғы бірнеше айдың ішінде соққан екінші тайфун. Ол кезде 370 адам құрбан болған еді.