Жапонияда халық саны күрт азайды

Жапонияда халық саны бір жыл ішінде 644 мың адамға азайды. Билік мұндай жағдай бұрын-соңды болмағанын айтады.

Ал сарапшылар бәріне пандемия себеп дейді. Ел астанасы Токиода халық санының азаюы кейінгі 26 жылда алғаш рет тіркелді.

Айта кеткен жөн, қазір Жапонияда 126 миллионға жуық адам тұрады. Болжам бойынша 2065 жылы бұл көрсеткіш 88 миллионға дейін азаюы ықтимал. Ал солардың 38 проценті қарт кісі болуы мүмкін. Мамандар қарттардың көбеюі және бала туу көрсеткішінің төмендеуі салдарынан болашақта көп қиындық туындайтынын айтады.