Австралияда жапон энцефалиті өршіп барады

Австралияда жапондық энцефалит өршіп барады. Аурудың бұл түрі наурызда белгілі болған.

Содан бергі бір ай ішінде 34 науқас ауру жұқтырып, 3 адам көз жұмған. Сорақысы сол, дәл осы ауру түрі доңыздарда да бар. Жергілікті фермаларда көп хайуаннан осы дерт анықталды. Негізі Австралия климаты жапон энцефалитінің таралуына қолайсыз. Бірақ мамандар жаһандық жылыну салдарынан ахуалдың өзгере бастағанын айтады. Биыл ақпан мен наурызда елде жауын көп жауып, аурудың тез таралып кетуіне себеп болған. Айта кеткен жөн, жапон энфецалитінен жыл сайын 20 мың адам көз жұмады. Науқастардың 99 процентінде ауру еш белгісіз өтеді. Инфекциядан тек қана екпенің көмегімен қорғануға болады.