Филиппинде «Меги» дауылынан қаза тапқандар саны артты

Филиппиндегі "Меги" дауылынан опат болғандардың қатары 170-ке жуықтады.

Тағы жүзден аса тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Су тасқыны мен лай көшкінінен 10 мыңға жуық үй мен ғимарат қирапп, 400 мыңдай тұрғын уақытша орталықтарды паналады. Жалпы 2 миллионға жуық адам зардап шекті. Ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымға келген залал орасан зор. 200-ден астам жол мен көпір қирап, 80-ге жуық қалада жарық үзіліспен беріліп жатыр. Тағы үш шаһарда ауыз сумен қамтуда қиындықтар туындаған. Ондаған порт жабылды.

Айта кетейік, бұл Филиппинде кейінгі уақытта соққан екінші тайфун. Алғашқысында 370 адам ажал құшқан.