Қытайда 6 ғарыш кемесі ұшырылады

 Биыл Қытай ғарышқа 6 зымыран ұшырады. Оның бірі жүк жеткізсе, бірі тұтас зертхана, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының арқасында Қытай жыл соңына дейін өзіндік ғарыш станциясының құрылысын аяқтайды. Мұнда, тақауда ғана «Шэнь-чжоу-13» кемесінің ғарышкерлері араға жарты жыл салып, жерге оралған болатын. Күз айында орбитаға аттанған экипаж, осы уақытта кеңістікке 2 рет шығып, ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізді. Жалпы, 2021 жылғы есеп бойынша, Қытай Жер орбитасына 50-ден астам құрылғы аттандырған.