Туннисте дизель артқан танкер суға кетті

Тунис жағалауында 750 тонна дизель отыны тиелген танкер суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеме Экваторлық Гвинея Республикасының туымен Египеттен шығып Мальтаға бет алған екен. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты экипаж алдында Тунис аумағына өтуге рұқсат сұраған болып шықты. Кейін Габес шығанағында танкердің астынғы бөлігіне су кіріп, апатқа ұшыраған. Құтқарушылар борттағы 7 адамды құтқарып үлгерді. Тунис билігі әзірше жанармайдың суға төгілу қаупі жоқ екенін айтады.  Экологиялық апаттың алдын алу үшін арнайы комиссия құрылды.