Германия Украинадан келген әр босқынға €3,5 мың бөлмек

Германияда әр украиналық босқынға айына 3 жарым мың еуро жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айталық, биыл Украинадағы орташа жалақы 485 еуроға тең болды. Немістің Welt am Sonntag басылымының хабарлауынша, ақша босқындарды қабылдау, орналастыру, тамақпен қамтатамасыз етіп, медициналық қызмет көрсету, тіл үйрету секілді шығындарға жаратылады. Соғыс басталғалы Украинадан 5 миллионға жуық адам кетіп қалған. Солардың 355 мыңға жуығы Германияға қоныс аударған.