АҚШ-тағы думанды кеште жастар жанжалдасып, арты атысқа ұласты

АҚШ-тың Питтсбург қаласында өткен сауық кеші қайғылы аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2 бозбала оққа ұшып, тағы 9 адам жарақат алған. Жалпы сауыққа 200-дей адам жиылған екен. Бірақ думанды кеш осылай қайғылы аяқталды. Оқ атылған кезде шошынған жұрт терезеден секіріп, жарақат алған. Полицияның есебі бойынша 50-ден аса оқ атылғанын айтады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер әлі ұсталмаған.

Скотт Шуберт, Питтсбург қаласы полициясының басшысы:

– Біз қазір оқ атқандарды іздестіріп жатырмыз. Халықтан осы оқиғаға қатысты кез келген ақпармен бөлісуді сұраймыз. Бұл қайғылы жағдай қарудың еркін айналымының салдары. Шаһарда заңсыз қару көп. Сондықтан қазіргідей оқиғаларлар қайталанбас үшін қатаң заң қабылдауымыз керек деп ойлаймын.