Бельгияда Ресей кемелеріне қатысты тыйым күшіне енді

Бельгия билігі Ресей кемелерін өзінің Антверпен, Гент және Зебрюгге порттарына кіргізбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шектеу Еуроодақ санкциялары негізінде қабылданған. Жалпы қара тізімде 6 мың кеме тұр. Бірақ Брюссель қазір Солтүстік теңіздегі 12 Ресей кемесінің 9-ына шара қолданылмауы мүмкін екенін айтады. Себебі құжат бойынша мұнай, газ, көмір, Атом электр станцияларына қажетті отын және дәрі-дәрмек пен ауылшаруашылық өнімдерін таситын кемелерге шектеу жоқ.