SpaceХ ғарышқа барлау жерсерігін жеткізді

Америкалық «Спейс Экс» компаниясы өзінің Falcon 9 зымыранымен ғарышқа барлау жерсерігін шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы америкалық кәсіпкер Илон Маскқа тиесілі компания орбитаға АҚШ ұлттық барлау басқармасының аппаратын жеткізді. Зымыран Калифорниядағы әскери ғарыш күштеріне қарасты Ванденберг айлағынан ұшырылып, кейін осы штаттағы айлаққа қайта сәтті оралды. Әскери жер серігіне қатысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.