Австралияда екі жылдан кейін алғашқы круиз лайнері іске қосылды

Австралияның Сидней қаласына соңғы екі жылда алғаш рет круиз лайнері келіп, сала қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жақында шаһар билігінің саяхат кемелерінің кіруіне қатысты шектеуді алып тастауы себеп болды.

Айта кетейік, Сиднейде алып круиз лайнерлерінің кіруіне тыйым 2020 жылы наурыз айында салынған. Оған «Руби принсес» кемесінде коронавирус шығып, дертке шалдыққан 30 жолаушының қайтыс болуы түрткі болған еді. Артынан лайнердегі жолаушылардан Сиднейде де індет өршіді.

Дайан Мартин, туристік агент:

– Мен соңғы 2 жылда жолаушылардың ақшаларын қайтарып, жойылған турлар мәселесімен айналысып келген едім. Сондықтан қазір Австралияда круиздік саяхаттың қалпына келіп жатқаны қуантады. Оның үстіне соңғы жылы кемемен саяхатқа деген сұраныс та арта түскен.