Әлем халқының бестен біріне аштық қаупі төніп тұр – БҰҰ

Украинадағы қарулы қақтығыс басталмай тұрып-ақ, әлемнің әр оныншы тұрғыны тойып тамақ ішпейтін еді. шиеленістен кейін ашаршылық қаупі төнген адамдар саны айтарлықтай артуы мүмкін. Өйткені әлемде өндірілетін бидай мен арпаның 30%-і, жүгерінің бестен бірі және сұйық майдың жартысынан астамы Ресей мен Украинаның үлесіне тиесілі. Екеуі 45 мемлекетке импортталатын бидайдың үштен бірін қамтамасыз етіп келген. Алайда соғыс салдарынан фермерлер егінді жинай алмай әлек. Қарулы қақтығыс, кемежайлардың жабылуы мен санкциялар кесірінен жеткізу тоқтады. Энергияның қымбаттауына байланысты ауыл шаруашылық техникасына қажетті отын құны да шарықтап кетті. Салдарынан астықтан бөлек өзге азық-түлік те қымбаттап барады.   

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Соғыс азық-түлік, энергетикалық және қаржы дағдарысын одан бетер ушықтырып жіберді. Коронавирус пандемиясы мен климаттың өзгеруі салдарынан ахуал онсыз да мәз емес-тін. Енді міне дамып келе жатқан елдер үшін жаңа қауіп туды. Дағдарыстың ушығуы ең алдымен тұрмысы төмен халық үшін ауыр соққы болып отыр.

БИДАЙ БАҒАСЫ 40%-КЕ ӨСТІ

Қазір Ливан, Египет пен Йеменге қиын болып тұр. Өйткені бұл елдер астықтың көп бөлігін Ресей мен Украинадан импорттайтын. Алайда жеткізу тізбегі бұзылып,  бидай бағасы 40%-ке өскен. Қазір Сахарадан оңтүстікке қарай Африканың әр екінші тұрғыны тойып тамақ ішпейді. Сарапшылар ең негізгі деген азық-түліктің қымбаттауы бұл елдерде жаңа «Араб көктемін» тудыруы мүмкін дейді.   

Йонас Адайо, Бейбітшілік пен қауіпсіздікті зерттеу институтының директоры: 

– Африка мемлекеттері астықты , май мен өзге де азық-түліктің көбін Украинадан импорттайды. Елдегі шиеленіс Египетте бидайдың, ал Эфиопияда мұнайдың қымбаттауына әкеп соқтырды.

ӘЛЕМДЕ СҰЙЫҚ МАЙ ТАПШЫЛЫҒЫ ТУЫНДАДЫ

– Астықтан бөлек қазір сұйық май тапшылығы да туындаған. Өйткені Ресей мен Украина бұл тауардың 57 процентін қамтамасыз етеді. Қазір біраз мемлекет өсімдік майының өзге түрлеріне көше бастаған. Нарықтағы жағдайға Бразилия мен Аргентинадағы қуаңшылық та әсер етті.

ГЕРМАНИЯДА СҰЙЫҚ МАЙ МЕН ҰН САТЫЛЫМЫ ШЕКТЕЛДІ

 Германияда  сұйық май мен ұнға деген сұраныс артты. Жергілікті дүкендерде бұл тауарлардың сатылымы шектелген. Сарапшылар алдағы уақытта олардың тапшылығы туындаса, таңғалатын түк те жоқ дейді. Укранинадағы шиленіске байланысты Германияда энергия тасымалдаушылардың да бағасы өсіп жатыр. Қазір газ екі есе қымбаттаған. Ал жазға таман электр энергиясының құны 20 процентке артады деген болжам бар.

ЖАПОНИЯДА ТЫҢАЙТҚЫШ ҚҰНЫ 2,5 ЕСЕ ӨСТІ

Украинадағы шиеленіс салдарынан тауарлардың қымбаттауы Жапонияда байқалып отыр. Мұнда көкөніс өсіру үшін қажетті тыңайтқыш толығымен сырттан әкелінеді. Импорттың 20%-і Ресей мен Беларусьтың үлесіне тиесілі. Сөйтіп ақпанның соңынан бері тыңайтқыш құны екі жарым есе, теңіз өнімдерінің құны 25%-ке өскен. Ал бидайдың қымбаттауы кейінгі 14 жылда болмаған көрсеткіштерге жетті.

Авторы: Жұлдыз Атагельдиева

Сондай-ақ...