Израиль ХАМАС қозғалысының нысандарына әуеден соққы берді

Әскерилердің мәлімдеуінше, қару-жарақ шығаратын зауыт талқандалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери операция кеше ХАМАС-тың Газа секторынан еврей елінің аумағын зымырандармен атқылауына жауап ретінде жүзеге асырылған. Бірақ шабуылды Газадағы ешбір қарулы топ мойнына алған жоқ.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы ахуал қайта шиеленісіп тұр. Оған өткен жұма күні Иерусалимдегі Әл-Ақса мешітінде Израиль полициясы мен палестиналықтар арасындағы қақтығыс түрткі болды.

Сондай-ақ...