АҚШ пен Қытай арасындағы панда дипломатиясына 50 жыл

Вашингтондағы Смитсон ұлттық саябағында америкалық пандалардың мерейтойы атап өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан 50 жыл бұрын Қытай АҚШ-қа алғаш рет «ізгі ниет елшісі» ретінде осы жануарларды сыйға тартқан еді. Шараға қатысқан қытай елшісі Цинь Ганның айтуынша, сол кездегі бастама пандаларды жоғалып кетуден де сақтаған. Қазір америкалық хайуанаттар паркінде үш панда өмір сүреді. Ал ресми дерекке сүйенсек 1982 жылы Қытай осы бамбук аюы «ізгі ниет елшісі» ретінде әлемнің 9 еліне сыйға тартқан екен. Осыдан кейін пандалар Қытайдың ұлттық игілігі деп жарияланып қарызға беріле бастаған.