Италияда электр энергиясы үш есе қымбаттаған

Италияда да инфляция 6,5 процентке жетіп, кейінгі 30 жылда болмаған рекордты жаңартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Украинадағы әскери іс-қимылдар салдарынан энергия тасымалдаушылардың құны артып, басқа тауарлар да қымбаттап барады. Мәселен, ең негізігі деген азық-түлік бағасы 10-25 процентке өскен. Ал газ тіптен екі есе, электр энергиясы 3 есе қымбаттаған. Осыған байланысты елдің солтүстігіндегі бассейндердің көбі жабылып қалды. Кәсіпкерлер қазіргідей жағдайда оларға қызмет көрсету қиын екенін айтады. 

Роберто Карбони, кәсіпкер:

Біз жүзу бассейнімізді осы аптада жаптық. Неге дейсіздер ме? Өйткені газ мен электр энегиясына кететін шығындарды қысқартуға мәжбүрміз. Күзге дейін бағалар тұрақталмаса, күн көруіміз тіптен қиындап кетейін деп тұр.