Зеленский: Украинаның шығысы мен оңтүстігінде жағдай қиын

Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі жағдай ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей бірқатар ауданды қатты соққының астына алып жатыр. Президент Владимимр Зеленский кезекті үндеуінде осылай деп мәлімдеді. Украина Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша Ресей әскері қазір Донецк пен Луганск облыстарындағы қалаларды бақылауына алу үшін Украинаның шығысындағы барлық шепті жаппай шабуылдап жатыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Біздің қарулы күштер басқыншыларға барынша тойтарыс беріп жатыр. Біз әскерді  қару-жарақпен қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Шетелден әскери көмекті тездету үшін тәулік бойы тыным таппай әрекет етудеміз. Әріптестеріміздің де біздің қажеттіліктерімізді түсіне бастағаны байқалады.