Еуропалық кеңес басшысы Киевке барды

Еуропалық Одақ кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Киевке барып президент Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келіссөз барысында Ресейге санкцияларды күшейте түсу, Украинаға қаржылай және әскери көмек мәселелері талқыланды. Еуропалық Кеңес басшысы мамырдың 5-і күні Украина үшін қаржы жинау бойынша халықаралық конференция ұйымдастырылатынын атап өтті. Осы ретте Еуроодақ Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банкпен тығыз әрекет етіп жатқанын жеткізді.

Шарль Мишель, Еуропалық кеңестің төрағасы:

– Бүгін біз Укрианаға 1 жарым миллиард еуро көлемінде қосымша қаржы бөлуді шештік. Біз Еуроодаққа мүше елдермен және әріптестерімізбен бірге Киевке қажетті көмекті жеткізу мәселесін талқылап жатырмыз.