loader


Ресей жаңа баллистикалық зымыран сынады

Ресей «Сармат» деп аталатын жаңа құрлық-аралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараны президент Владимир Путиннің өзі бақылады. Осы елдің Қорғаныс министрлігінің айтуынша, жаңа зымыран алыс қашықтықтағы кез келген нысанды жоя алады. Оқиаға байланысты АҚШ Қорғаныс министрлігі Ресей тарапы сынаққа қатысты алдын ала ескерткенін және шара ешқандай қауіп төндірмейтінін жеткізді.

Владимир Путин, Ресей президенті:

Бұл Ресей әскері үшін елеулі оқиға. Жаңа кешен техникалық артықшылықтармен ерекшеленеді. Ол кез келген зымыранға қарсы жүйені айналып өте алады. Қазір әлемде бұған балама қару жоқ. Жуық арада пайда бола қоймас.

Сондай-ақ...