Израиль Газа секторына тағы зымыран ұшырды

Израиль Газа секторы аумағын зымыранмен атқылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Сдерот қаласына жасалған шабуылға қарымта жауап болды. Осыдан бірнеше күн бұрын Израиль тарапы ХАМАС лагерлерін де атқылаған болатын. Айта кетейік, аймақтағы ахуал күн өткен сайын ушығып барады. Иерусалимдегі Аль-Акса мешітіндегі қақтығыстан кейін жауласқан тараптар бір-бірін айыптаумен отыр. Ол кездегі тәртіпсіздіктен 150-ден астам адам зардап шекті.