Перуде полиция 1,5 тонна марихуана есірткісін қолға түсірді

Заңсыз жүкті Лима қаласындағы бір үйді тінту кезінде тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іске қатысты үш күдікті тұтқындалды. Алдын ала тергеуге қарағанда Колумбиядан жеткізіліген есірткі шетелге тасымалданбақ болған. Айта кетейік, Перу полициясы жыл басынан заңсыз есірткінің жолын кесу үшін 4 мыңнан аса операция жүргізіп, 17 тоннадай есірткіні тәркілеген. 1 мыңнан аса адам қамалған.

Сондай-ақ...