Мәскеуде әйел адамның аяғын пойыздың есігі қысып қалды

Мәскеуде әйел адамның аяғын пойыздың есігі қысып қалды

Төтенше оқиғаны бейнебақылау камерасы жазып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әйел аяғын қанша тартса да босата алмады. Басқа жүргіншілер де көмекке ұмтылған. Алайда машинист ешкімді естімей, пойыз қысылған кісіні сүйрей жөнелді. Абырой болғанда, көлік ақыры тоқтатылды. Есі шыққан әйел Жедел жәрдем институтына шұғыл жеткізілген. Қазір ем қабылдап жатыр. Ярославл вокзалында болған төтенше оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.