Украинадан 2 млн-нан аса бала кетіп қалған

Соғыс басталғалы Украинадан 4 млн-нан аса адам босып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».  

2 млн-ы – балалар. Бұл туралы ЮНИСЕФ хабарлайды. Көбі көрші елдерге қоныс аударған. Басқа мемлекеттерге бас сауғалағандары да жетерлік. Германия билігі елге келген украиналық босқындарды қолдауға 2 млрд еуро бөледі. Ал Ресей Ішкі істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, Донецк және Лугансктен келген 18 мыңнан аса адамға азаматтық берілген. Орыс үкіметі оларға берілетін бір реттік 10 мың рубль көлемін ұлғайтқан.