Мариуполь қаласында жарылыс әлі толастаған жоқ – БАҚ

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Украинаның Мариуполь қаласында жарылыс әлі толастаған жоқ.

Кеше Ресей президенті Владимир Путин өз әскеріне шаһардағы украиналық жасақтар бекінген «Азовсталь» зауытын шабуылдауды тоқтатуды бұйырған еді. Бірақ осыған қарамастан оқтын-оқтын атыстар естілетіні айтылады. Ал Украина тарапы қалада 100 мыңнан астам бейбіт тұрғын бар деп отыр. Бірер күн бұрын Ресей тарапы қауіпсіздік дәлізін ашып, 6 мыңға бейбіт тұрғынның шаһардан шығуына келіскен. Бірақ Украина билігі олардың барлығы шықпағанын айтады.

Еске сала кетейік, Ресей әскері Мариупольді наурыздың басында қоршауға алған.