Бразилия тұрғыны 84 жыл тапжылмай жұмыс істеп әлемдік рекорд орнатты

Жасы 100-ге келген Уолтер Ортманн өз мансабын жергілікті тоқыма зауытына жүкші болып қызмет етуден бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір қария сату бойынша менеджер болып жұмыс істейді. Бірақ қартайғанына қарамастан әлі де тың. Көлігін өзі жүргізіп, күнделікті істерін өзі жоспарлайды.Ортманн жылдар бойы бір орында үзбей жұмыс істеп, ұзақ жасауының құпиясын былай түсіндіреді.

Уолтер Ортманн, Гиннесс рекордтар кітабына енген қызметкер:

- Адам сүйген жұмысымен айналысқаны жөн. Жаныңыз қалаған іспен шұғылдансаңыз, уақыттың қалай өткенін де аңғармай қаласыз. Осымен бірге денсаулығыңызды да күту қажет. Мен әдетте зиянды тағамдарды тұтынбауға тырысамын.