Йеменде 538 мың бала ашқұрсақ жүр

Қамданған қапы қалмайды. Дәл қазір осы азық-түлік мәселесі әлем бойынша өткір тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Йеменде жасы 5-ке толмаған 538 мың бала ашқұрсақ жүр. Халықаралық қауымдастық наурызда жоспарланған 4 миллиардтың орнына тек 1 миллиард 300 миллион долларға ғана қол жеткізген. Сарапшылар Йемендегі азық-түлік дағдарысын шешу үшін бұл қаражат мүлде жеткіліксіз дейді.

Ал қайырымдылық ұйымдары мұндағы 2 айға жарияланған бейбіт мерзімді пайдаланып, қолдан келген көмегін жасап жатыр. Норвегиялық босқындар кеңесі бір ғана Хадджа провинциясында 12 мың тұрғынға азық-түлік, киім-кешек үлестірген. Бұл елде билік пен оппозициялық "Хуситтер" арасындағы 7 жылдан бергі соғыс ел экономикасын әбден күйретіп, миллиондаған адамды қаңғыртып жіберді. .

Ричард Раган, Йемендегі Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының директоры:

– Жағдай өте ауыр. Азаматтық соғыс 8 жылға аяқ басып барады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасы осы елдегі 30 миллион халықтың 15 миллионын қамтуы керек. 2 айға оқ атпау режимінің жариялануы үлкен мүмкіндік деп сенеміз. Осы мерзім ішінде гуманитарлық операцияларды іске асырып алу керек. Тездету қажет. Уақыт жылдам өтіп жатыр.

 

 

 

 

Сондай-ақ...