Боснияда жер сілкінісінен бір адам мерт болды

Боснияда жер сілкінісінен бір адам мерт болды

Босния және Герцеговинада жер сілкінді. 1 адам мерт болып, тағы екі тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үшеуі де бір отбасының мүшелері. Жүздеген адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр. Бірнеше ғимарат қираған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, зілзаланың эпиорталығы МостАр қаласынан 42 шақырым қашықтықта болған. Мамандардың айтуынша, жер асты дүмпулері Хорватия, Сербия мен Черногорияда да сезілген.