Туризм саласында жаңа жұмыс орындары ашылады – Азия-Тынық мұхиты 

Туризм саласында жаңа жұмыс орындары ашылады – Азия-Тынық мұхиты 

Азия-Тынық мұхиты өңірінде биыл бірінші тоқсанда демалушылар саны былытырғымен салыстырғанда 3 есеге жуық өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Туризм және саяхат жөніндегі Дүниежүзілік кеңес хабарлайды. Құзырлы мекеме Еуропаға да саяхатшылар ағылады деп болжайды. Мұның бір айғағы орындарды алдын ала брондап қойғандар көп. Кәрі Құрлық бойынша, әсіресе, Грекия, Исландия, Испания, Португалия мен Францияда демалуға ниеттілер жетерлік. Халықаралық бірлестік өкілдері пәле-жаладан аман болсақ, алдағы 10 жылда осы туризм саласында 126 миллион жаңа жұмыс орны ашылады деп болжайды.