Ресей: Мариупольдегі ахуал тұрақталды

Ресей: Мариупольдегі ахуал тұрақталды

Ал Ресей тарапы Мариупольдегі ахуал тұрақталды дейді. Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин өз әскеріне шаһардағы украиналық жасақтар бекінген «Азовсталь» зауытын шабуылдауды тоқтатуды бұйырған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ осыған қарамастан оқтын-оқтын атыс дауысы естілетіні айтылады. Ал Украина тарапы қалада 100 мыңнан астам бейбіт тұрғын бар деп отыр.

Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

– Қала тұрғындары украиналық ұлтшылдардан қорықпай, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік алды. Шаһарға азық-түлік, ауыз су, тұрмысқа аса қажетті заттар жеткізіліп жатыр. Донецк Халықтық республикасының билігі көшелерді қоқыс пен қираған әскери техникадан тазартуды бастады. Ал украиналық ұлтшылдар мен шетелдік жалдамалылар Азовсталь зауыты аумағында қоршауда қамалып отыр.