Аргентиналық фермерлер президент саясатына наразы

Аргентиналық фермерлер президент саясатына наразы

Аргентинада мыңдаған фермер биліктің ауылшаруашылық саясатына наразылық танытып, шеруге шықты. Шаруалар Буэнос-Айрестегі президент сарайының алдына бірнеше трактормен келген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Фермерлер президент Алберто Фернандестің азық-түлік бағасын қалыпты ұстау үшін қолға алған шараларын сынға алып жатыр. Аргентина басшысы етті экспорттауды шектеп, отандық өнімнің алдымен ішкі нарыққа жеткізілуіне басымдық берген. Бірақ оның бұл шешімі біреуге жаққанмен, біреуге жақпайды. Шаруалар үкіметтің бұл ісі шаруамызға нұқсан келтіріп, шығынға батырып жатыр дейді. Аргентина – Латын Америкасындағы азық-түлікті ең ірі экспорттаушы елдердің бірі.

– Фермерлер биліктің мұндай саясатына бұдан әрі төзе алмайды. Себебі етті шетелге сату шектеліп, Қытайға өнімімізді экспорттай алмай отырмыз. Біз сонда етті қайда жіберуіміз керек? Билік ауыл шаруашылық секторын қорғауы тиіс.