Британия қайтадан көмір өндіреді

Еуропа көмір өндіруге қайта көше ме? Ұлыбритания үкіметі 30 жылдан кейін осындай қадамға барып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кезінде Маргарет Тэтчердің билігі жүргенде мұндағы шахталар жабылған еді. Өйткені шығын ақталмаған. Оның үстіне басты проблеманың бірі қоршаған ортаға зиян. Алайда Украинадағы шиеленіске байланысты корольдік санкция ретінде Ресейден келетін көмірден бас тартты. Ал металлургтерге қажетті отынның 40 проценті осы елден келетін. Енді осы көмірді өздері өндірудің жолын қарастырып жатыр.