Парижде наразылық акциясы кезінде екі адам полицияның қолынан мерт болды

Ақпарат көздерінің хабарына қарағанда тәртіп сақшыларының бұйрығына бағынбаған көлікке оқ атылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға шаһар орталығындағы Пон-Нёф көпірінде болған. Көлікте 3 адам отырған екен. Үшіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл елде президент сайлауынан кейін бірнеше қалада наразылық акциялары ұйымдастырыла бастады. Көшеге шыққан жұрт саяси додадың қорытындысымен келіспей, қарсылық білдіре бастады.