Жапонияда стоматологтардың машықтануына арналған робот-балалар пайда болды

Олар жеткіншектерге түр-әлпетімен ғана емес, мінез-құлқымен де қатты ұқсайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігердің қабылдауы кезінде гуманоидтар байбалам салып, әрі-бері қозғалып, көзін ақшитады. Бұдан басқа, олар қалтырап, дірілдеп, жүрегінің талмасы ұстап қалғанын да көрсете алады. Инновация авторлары бұл роботтар дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көмектеседі деп сенеді.