Ауғанстандағы студент қыз-жігіттер бөлек оқиды

Бұл туралы Талибан қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жоғары білім беру министрлігі мәлімдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі болғандай ұлдар мен қыздардың сабақтары әр түрлі күнде өтетін болады. Яғни жастар білім ордасына аптасына 3 күннен барып отырады. Билік өкілдерінің айтуынша, осылайша студент қыздарға тиісті білім беру орта қамтамасыз етіледі. Үкіметтің тиісті жарлығымен елдің барлық жоғары оқу орындары таныстырылды.