Ливан мен Израиль бірін-бірі атқылады      

Ливан мен Израильдің қарулы күштері бір-біріне оқ атты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Reuters агенттігінің хабарлауынша, алдымен түнде араб мемлекетінің аумағынан еврей еліне қарай зымыран атылған. Снаряд елді мекендерге жетпей, ашық жерге түскен. Сосын Израиль әскері зеңбіректен оқ жаудырған. Әзірге қарулы қақтығыс салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ливандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері 2 тарапты ұстамды болуға, жанжалды доғаруға шақырды.

Сондай-ақ...