Британияық экспорттаушылар $8 млрд шығынға батуы мүмкін

Британияық экспорттаушылар $8 млрд шығынға батуы мүмкін

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін дайындап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еурокомиссияның вице-президенті британдық Таймс басылымына берген сұхбатында жария етті. Шектеу шаралары Ресейдің мұнайына бағытталған. Қазір француз компаниялары ресейлік шикізатқа тәуелділіктен арылу үшін қара алтынды өзге елден жеткізе бастады. Санкциялардан ең алдымен Ресей экономикасы зардап шегіп отыр. Дегенмен салдары өзге елдерге де тиді.

Ресейге қарсы енгізілген санкциялар салдарынан алдағы 9 жылда Ұлыбритания экспорттаушылары 8 миллиард доллар шығынға батады. Жергілікті үкіметке дайындаған баяндамада осындай есептеулер келтіріліген. Санкциялар салынған тауарлардың үлесі корольдік экспортының 30 процентіне тиесілі. Шектеу шараларының салдарын әсіресе қымбат көліктер секілді сән-салтанат бұйымдарын өндірушілер мен аукцион үйлері қатты сезеді деген болжам бар. Корольдік санкцияларының соңғы пакетінде жергілікті компанияларға кванттық технологияларды экспорттауға тыйым салынған. Ал осы жылдың соңына дейін корольдік ресейлік энергия тасымалдаушылардың импортынан бас тартуға ниетті. Тәуелділіктен арылу үшін Ұлыбритания билігі кейінгі 30 жылда алғаш рет жаңа шахталарда көмір өндіруді жоспарлап отыр.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі:

– Осы күнге дейін салынған санкциялардың ең тиімдісі – Ресейге технологиялардың берілуін тоқтату болды. Соның арқасында олар ұшақтарына қызмет көрсете алмай қалады. Салдарынан үлкен қиындықтар туындайды. Біз қатаң шектеу қоюымыз керек. Яғни санкция салынған заттардың басқа жолмен Ресейге жеткізілуіне жол бермеуіміз қажет.