Бельгия кемежайында 8 мың қымбат көлік қалып қойды

Бельгияда санкция кесірінен Ресейге 8 мың қымбат көлік жеткізілмей қалатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар сәуірдің басында Азия елдерінен Зебрюгге кемежайына келіп жеткен. Алайда Еуроодақ санкцияларының төртінші пакетіне сәйкес, құны 50 мың еуродан асатын сән-салтанат бұйымдарының экспортына тыйым салынған. Сөйтіп темір тұлпарлар портта қалып қойған. Енді олар басқа нарыққа сатылуы тиіс. Көліктен бөлек кемежайда ұшақтарға арналған қосалқы бөлшектер, химикаттар мен жартылай өткізгіштер тиелген мыңнан аса контейнер бар.

КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ЭКОНОМИКА ТОҚЫРАУҒА ҰШЫРАУЫ МҮМКІН

Қалай дегенмен санкциялардан ең көп шығын Ресей экономикасына келіп отыр. Биыл мұнда инфляция 22 процентке дейін жетуі ықтимал. Бұған дейін 2023 жылы жалпы ішкі өнім 1 процентке өседі делінген еді. Алайда сарапшылар оның орнына келесі жылы экономиканың тоқырауға ұшырауын болжап отыр.