Жапония құтқарушылары тағы бір баланың денесін тапты

Құтқарушылар шағын туристік кемеде болған баланың денесін тапты. Қалған жолаушылар іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше іздестіру топтары судан 10 саяхатшының денесін шығарып алған еді. Шағын туристік кеме сенбі күні Жапонияның Хоккайдо аралы маңында апатқа ұшыраған еді. Оқиға кезінде онда 2 экипаж мүшесімен 24 жолаушы болған. Мәліметке қарағанда былтыр осы бірлестіктің тағы 2 кемесі аптқа ұшырған екен.

Ёсихико Исодзаки, Жапония министрлер кабинеті бас хатшысының орынбасары:

– Қазірге дейін 11 адамның денесі табылды. Қалған 15 жолаушы іздестіріліп жатыр. Кеменің өзі де әлі табылған жоқ. Марқұмдардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.